Сапарбаев 10 жауынгерді террористердің көзін жоюдағы батыл әрекеттері үшін марапаттады

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 15:55

 Бұл азаматтар ҰҚКД мен ІІМ қызметкерлері. Олар Ақтөбе қаласында 5 мен 11 маусым аралығында террористерді ұстау кезінде батылдық танытып, бейбіт жұрттың қауіпсіздігіне адал еңбек еткендері үшін марапатталып жатыр.

сапарбаев

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев асқан ерлігіміне батылдық танытқан  он жауынгерді ерекше атап өтіп, оларға тиісті сый құрмет көрсетілді.

« Террористердің көзін жою оқиғасы еліміз бен біздің  қорғанысымызға үлкен сабақ болды. Сол бүлікшілердің кесірінен бірнеше әскери қызметші мен бейбіт тұрғынның өмірі қиылды. Күштік құрылым қызметкерлері дер кезінде қажетті шешім қабылдап, шұғыл әрекет етіп өз міндеттерін жоғары деңгейде орындай білді деп ойлаймын. Сендер  президенттің тапсырмасын өз деңгейінде  ерлікпен орындадыңдар. Нәтижесінде қылмыстық топтың жолы кесілді»,-деді  Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі басқа өңірлерден келіп айтулы еңбек еткен әскери қызметкерлерге алғысын білдірді.

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар