Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәди АҚШ-та “Спорттық Оскар” сыйлығымен марапатталды

Танымал актер Санжар Мәди АҚШ-та «Спорттық Оскарға» сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол қуанышты жаңалығымен желідегі оқырмандарымен бөлісті.

«Алғаш рет Нью-Джерси, Атлантик ситиде болып тұрмын. Бұл жаңа жыл басталғалы алғашқы жұмыс сапары. Міне, кинода спортты насихаттағаным үшін «Спорттық Оскар» сыйлығын табыстап жатыр. Әлбетте, еңбегім сіңген әртіс болмасам да, бұл өте құрметті сый. Ары қарай көре жатармыз. Жаңа жылда өте қызықты жобалар жетерлік, бірақ әзірге Нью-Йоркке қайтып барамын», – деп жазды актер Facebook парақшасында.

Өз кезегінде желі оқырмандары да құттықтауларын білдіріп, бұл жүлдені Арман Арсеновтен кейін алған екінші қазақстандық екенін айтты.

«Спорттық Оскар» сыйлығы жыл сайын Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында табысталады. Мұнда бүкіл әлемнің танымал әртістері, саясаткерлері бизнесмендері және спортшылары қатысады.

«Спорттық Оскар» – айқас өнері мен жекпе-жек саласында өткізілетін халықаралық айтулы оқиғалардың қатарына жатады. Бұл сыйлықты 2012 жылы тұңғыш рет белгілі бизнесмен, «Бес қару» мен джиу-джитсу федерациясының президенті Дәурен Мұса алған.

Тағы оқыңыз:

Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)

50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

59 жастағы Мадонна жалаңаш түскен суретін жариялады (фото)

 

Талқылау