Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орманда аюмен “төбелескен” азамат одан қалай құтылғанын айтып берді (фото)

Ресейдің Свердлов облысына қарасты Сосьва ауылының 44 жастағы тұрғыны аюмен төбелесіп, оны талдырып құтылған.

аю3

Александор Лопахинді ауылдастары «Выживший» фильмінің басты кейіпкеріне ұқсатып жатыр. Оқиға тамыз 2017 жылдың 3-ші тамызында болған. Қазір Александордың жағдайы жақсы. Дәрігерлер аю жұлып алған мұрнының ұшына дейін емдеп берген.Қалған жарақаттары да жазылып жатыр екен.

аю

Ол саңырауқұлақ теріп жүріп балалы аюмен ашық жерде кездесіп қалған. Қонжықтарын құтқармақ болған аю бірден Александоға шабуыл жасаған сияқты.

Александордың сөзінше ол қолындағы саңырауқұлақтың түбін кесуге арналған кішкентай пышағымен қорғануға мәжбүр болған. Бар күші мен жылдамдығын қосқанымен аю небәрі санаулы минуттың ішінде оны алып жығып, тістеп, тырнап тастаған.

аю4

Амалсыздан қос болымен басын паналап қорғанған жігіт ағасы, біраз уақыт аюдан оңбай таяқ жеген. Соңында бар күшімен аюдың басынсол қолына өткізіп, оң қолымен соққылай түседі. Осы кезде аю есінен танып құлап, Александыр қаша жөнеледі.

аю1

Сол қашқаннан телефонның байланысы ұстайтын аймақтан бір-ақ шыққан. Сол жерде тұрып танысына болған жайтты баяндап, өзін алып кетуді сұраған. Қансыраған жігітті досына дәрігер шақыртып, бірден ауруханаға алып барған.

Дәрігерлердің сөзінше саңырауқұлақ теруге барған азаматтың жарақаты көп. Ең көбі құлақ шеке мен басында, жүзінде екен. Қазір оның өміріне қауіп жоқ екен. Тырналған, жарылған жерлері жазылып келеді екен. Дәрігерлер Александоға аю жұлып алған мұрнының ұшын тігіп беріпті.

«Мен ауылдан 10-12 километрге алыстадым. Ол жерге саңырауқұлақ теру үшін үнемі баратынмын. Жарты шелек теріп алып жерге қарап жүреберіппін. Бір кезде басымды көтерсем алдымда аю тұр. Ол бірден атылып, тістей бастады.Оның терісі сондай жұмсақ екен.

Орташа есеппен 10 минуттай алыстық. Алғашында онша қорықпадым. Шындап қауіп төнген кезде бар күшімді жинап басы мен бетінен үзбей соққылай бастадым. Есінен танғаны сол екен қашып шықтым»,-дейді 44 жастағы азамат.

Ер адам бұған дейін де талай мәрте аюдың балаларын кездестіргенін айтады. Бірақ олар адамды көрген бойда қаша жөнелген екен.

Талқылау