Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саммит кезіндегі Путин мен Назарбаевтың бейресми сөйлесуі көпті таңғалдырды (видео)

Сочиде өтіп жатқан ТМД елдерінің саммиті барысында РФ президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми диалогы көпшілікті таңғалдырды.

Саммит отырысы басталмас бұрын Путин әдейілеп орнынан тұрып, Назарбаевтың қасына келеді. Қысқа уақыт ішінде қос ел президенттерінің не туралы әңгімелескені белгісіз. Олардың қастарынан Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовты байқауға болады.

Еске салсақ, осы күндері Сочиде ТМД мемлекет басшыларының Евразиялық экономикалық кеңес аясындағы кездесулері өтіп жатыр. Экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан елдері кіреді.

Тағы да оқыңыз:

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Талқылау