Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық төлемеген қазақстандықтардың көлігін сатылымға қояды

Салық төлеуден бас тартқан жағдайда, борышкерлердің көлігін автокөлік тұрағына апарып, содан кейін аукционға шығаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметі бойынша, қаладағы полиция қызметкерлерімен бірге борышкерлерге қатысты рейд жүргізілді. Осы уақыт ішінде Төле би мен Момышұлы көшесінің қиылысында Mercedes Benz G500 тексерілді. «Түрксіб ауданындағы ҰҚК-да ұсталған көлік құралының иесі 434 268 теңге көлемінде көлік салығын төлемегені анықталды. Осыған байланысты жеке сот орындаушысы көлікті арнайы автотұраққа шығарылуы туралы куәлік дайындады», – деп хабарлады Алматы мемлекеттік кіріс департаменті.

МКД-де айтылғандай, салық берешегін өтемеген жағдайда көлік мынадай жағдайда аукционға қойылады.

«Сатылған сомадан салық берешегі төленетін жағдайда. Бұл туруалы көлік иесі хабардар болады. Қазіргі кезде автокөлік толық салықтық берешекті өтегенге дейін арнайы автотұраққа жіберілді», – деді әкім.

Рейд 28 қарашадан бастап Түрксіб ауданының Мемлекеттік кіріс басқармалары мен Алматы қаласы Әуезов ауданының Алматы қалалық ІІД-нің және жеке сот орындаушыларының қатысуымен өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматы полициясы айыппұл төлемеген борышкерлердің көлігі тартып алынатынын мәлімдеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау