Салтанат Бақаева өз әнінің авторын білмей, ұятқа қалды
Салтанат Бақаева хит ән іздегенде ақын мен сазгерлерге жүгінгенімен, оларға құрмет көрсетуге келгенде аяқ тартып қалатын көрінеді.

Осыдан біраз уақыт бұрын семейлік ақынға қаламақы бермегені үшін елден сөз естіген Бақаева бұл жолы әннің сөзін жазып берген авторды есіне түсіре алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Су жаңа әнім бар. «Сен үшін» деп аталады. Ғазизхан жазған әнін. Сөзін жазған Сара Тоқтақұлова. Ммм… Тоқтамысова ма? Тегі қандай еді? Қазір-қазір, қай ақын еді”, – деп сасып қалды Салтанат.
Салтанат есімін еске түсіре алмаған ақын анша-мұнша емес, белгілі айтыскер Сара Тоқтамысованың өзі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып