Салафиттердің ықпалына еріп кеткен әйел президентке өз оқиғасын айтып берді

Бейсенбі, 27 Сәуір , 2017 8:23

Кезінде дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына еріп кеткен Әсел Базарбаеваға ата-анасынан бас тарту ұсынылған.

9898

Фото: bnews.kz

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Бизнесмен әйел өз оқиғасын кеше өткен Қазақстан халықтары ассамблеясының XXV сессиясында айтып берді.

“Біраз уақыт бұрын діни ағымның ықпалына түскен кезімді қорқынышпен еске аламын. Мен ол кезде діннің соншалықты ықпалға ие екендігін түсінген жоқпын. Мен кемсітуді де, қорлауды да, моральдық қысымды да бастан кешірдім. Ең жаманы өз ата-анамнан бас тарт деп шарт қойды. Сол кезде барып мен оның дін емес екенін түсіндім. Бұл шыңыраудан шығуға менің ерік-жігерім жетті”, – дейді ол.

Оның айтуынша, президент өз бағдарламасында “жаңа дінді іздеудің қажеті жоқтығын, өзгенің қызығына үйірсектемеуді” айтып кеткен.

“Бізде өзіміздің рухани байлығымыз бар. Шынайы сенім сөзде де, сыртқы киімде де емес, ол біздің жүрегімізде”, – дейді Әсел Базарбаева.

Қазіргі таңда ол мектеп формаларын тасымалдаумен айналысады. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асуына да атсалысып жүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар