Сал болып қалған бойжеткен Барбиге ұқсау үшін $14 мың жұмсаған
Хельсинки тұрғыны Жасмин Бритни Барби қуыршағына ұқсау үшін екі жылда 14 мың доллар жұмсаған. 1998 жылы оны көлік қағып кеткен соң, 26 жастағы бойжеткеннің денесі мойынынан төмен сал болып қалған.

Бұл туралы Қазақпарат жазған.
Сол кезден бері бойжеткен сыртқы келбетін жиі ауыстырып, өзгеру нәтижелерінің фотосуреттері мен бейнежазбаларын Facebook-те және өзінің YouTube-арнасында жариялаған. Оның киімдері мен макияжының шығындарын ата-анасы өтеді.
Сал болған бойжеткеннің айтуынша, ол бұл бастамасы арқылы тағдырдың осындай сынағына тап болған адамдарды шабыттандырғысы келеді. «Мен сыртқы келбетіме көп көңіл бөлемін. Басыма түскен жағдай қалыпты және толыққанды өмір сүруіме кедергі болған жоқ», – деді Бритни.
Ғаламтордағы белсенділігінен басқа, ол сал болып қалған басқа адамдарға кеңес беріп, өздеріне деген сенімді арттыруға көмектесіп жүр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды