Сахнаға шықпай-ақ қойшы: Көрермендер Кәмшат Жолдыбаеваға кинода қалуға кеңес берді
Кәмшат Жолдыбаева басты рөлді сомдаған кезекті телехикая көрерменге жол тартты. Күні кеше көрермендер “Қарлығаш ұя салғанда” сериалының алғашқы бөлімін тамашалап үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл – Жолдыбаеваның кинодағы алғашқы тәжірибесі емес. Актриса осы уақытқа дейін бірнеше сериалда басты рөлді сомдап үлгерді. Әрі көрермен Кәмшатқа “талантты актриса” деп бағасын беріп үлгерген.
Десе де, көпшілікке Кәмшаттың сахнадағы ерсі қылығы ұнамайды. Соңғы кездері ашық-шашық образдарымен ел алдына шығуды жиілеткен Жолдыбаева әбден тыңдарманының көңілін қалдырды. Дәл осы себепті көзі қарақты көрермен Кәмшатқа кинода қалуға кеңес беруде.
“Кәмшатқа ән айтқанша, сериалға түсе беру керек. Өмірден алынған фильм екен”, “Ән айтқаннан гөрі актриса болған жарасады”, “Би билеп, ән айтпай-ақ қойсын, актриса болған жақсы. Жақсы ойнайды”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен