Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің інісі той тойлап жүріп мемлекеттік қызметтен қуылды

«До-мажор» тобының бұрынғы әншісі Роман Майғазиев осыдан бір жыл бұрын мемлекеттік жұмыстан босатылған. Алайда, жұмыстан Роман өз еркімен шықпаған. Оның кейбір әрекеттері басшылыққа ұнамай қалыпты. Бұл жайында Романның өзі Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Роман Майғазиев

«Қазіргі уақытта жатпау керек. Мен енді 1-2 жыл мемлекеттік жұмыста жұмыс істедім. «До-мажор» тобы тарағаннан кейін біраз үзіліс болды. Сол кезде әкімшілікте істедім. Өзімнің мамандығым бойынша, мәдениетті басқардым», – дейді Роман Майғазиев.

Әнші Роман соңғы жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Алайда, той тойлап жүріп беделді жұмысынан қалай айырылып қалғанын өзі де білмей қалыпты.

«Шыны керек уақыты келмеді. Өйткені, мені жиі Қытай еліне шақыратын. Тойға, концертке сапарлап баратын едім. Алайда, мемлекеттік қызметте ұшақпен ұшып, басқа елге бара беруге болмайтынын айтып, бастық бірнеше рет ескерткен де болатын. Бірнеше рет шақыртудан да бас тартқан едім. Бірақ, бұл жұмыстың той тойлауыма қол байлау болатынын түсіндім. Демалыс күндері шетелге шықсақ та жаңағы есеп беріп «отчет» тапсырып отыратынбыз», – дейді әнші.

Қазір жұмыссыз әнші ағасы Сәкен Майғазиевпен бірге еліміздің түкпір-түкпірін аралап  концерт қоюға кіріскен. Гастрөлдік сапардан орала салысымен бірден бейнебаян түсіруге кірісемін деп бекініп отыр. Бірнеше ән де жаздырып қойыпты.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау