Сәкен Майғазиев тыңдармандарының үйінде қонақта болды
Бүгін елімізге танымал “МұзАрт” тобының солисі Сәкен Майғазиев тыңдармандарына уақыт бөлді. Әнші Алатау ауданы әкімшілігінің қолдауымен алматылық көпбалалы отбасында қонақта болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші өзін қонақ қылған отбасыға ән айтып, шығармашылығының үзік сырларымен бөліскен-ді.

Балалар өз кезегінде Сәкен Майғазиевке өлең оқыса, отанасы ет асқан. Қуанышы қойнына сыймаған бүлдіршіндер әншімен бірге суретке түсті.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Сәкен Майғазиевтің алған несиесін жаба алмай жүргені туралы жазған болатынбыз.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"