Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев оқушы кезінде әкесімен бірдей табыс тапқан

Сәкен Майғазиев бала күнінде әкесімен бірдей табыс тапқанын айтты. Жастайынан өнерге құмар болған ол кішігірім жиындарда өнер көрсетіп, ата-анасын қуантқан.

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Кішкентай баламын, сол кезде алғаш рет Марқаш ағаймен Жуантөбе деген совхозда ән шырқап қайттық. Сонда не деген аппаратура, не деген дыбыс ұлғайтқыштар? Үш-ақ адам, мен барабанда ойнаймын. Сонда 50 сом берді маған рубльмен. Әкем айына 70 сом алады, мен бір күнде 50 сом тауып тұрмын”, – деп еске алды Майғазиев.

Алайда бала Сәкен бұл ақшаны ұстазынан қорыққандықтан алған.

“Ол кісіден бәріміз қорқатынбыз. Өзі күрескер, мықты спортшы. “Марқаш ағай, жоқ, керек жоқ”, – десем: “Ал! Алғашқы табысым деп ата-анаңа апарып бер. Ұста деймін”, – деп ұрысты. Қорқып тұрмын ғой, алдым. Содан басталды табысым. 150 сомға үлкен “Рассвет” деген теледидар алғанбыз. Әжем марқұм көзі тірі кезінде, немеремнің әдемі кездерінен естелік болсын деп”, – дейді Сәкен.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев: Бала күнімнен Мейрамбекті тыңдап өстім, әлі де жанкүйерімін

Қайрат Нұртас: Мейрамбектей ағамызды Алланың сыйға бергеніне қуанамын

Дастан: Бақыттымын, көптен күткен перзентім дүниеге келді

Бейбіт Сейдуалиева: Орысша оқыдым, әндерімнің мағынасын анам түсіндіріп беретін

Талқылау