Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар (фото, видео)

Таяуда ғана төртінші мәрте әке атанған Сәкен Майғазиев, бүгін жұбайы мен бөбегін перзентханадан шығарып алды. Күні кеше әлеуметтік желі арқылы арнайы сауалнама жүргізіп, перзентіне Сәфия немесе Дәрия есімдерінің бірін таңдайтынын айтқан еді. Соңында Сәфия Сәкенқызына тоқталыпты. Жұлдызды жанұяның қуанышты сәтіне Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісі де ортақтасып қайтқан болатын.

Сәкен Майғазиев келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды

«Мен алғашқыда Раянаға, Мәриямға ұқсас есім әрі «р» деген әріптестері бар Дәрия қоямыз деп ойлаған болатынмын. Бүгін  Мақпал Жүнісова әпкемізбен үлкен жоба барысында кездесу өткізген болатынбыз. Сол сол кезде Мақпал әпкеміз Сәфия Сәкенқызы деген есімге тоқтайық әрі әдемі естіледі екен деп шештік», – дейді Сәкен Майғазиев.

Әр сұхбатында жеті баланың әкесі болуды армандайтынын айтатын Сәкен алдағы уақытта да ел демографиясына үлес қосуға үмітті екенін де жасырмайды.

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар

«2016-шы жылы қызды болған кезде, ұл күтіп пе едіңіз деп сұраған еді. Сол кезде егер келесі перзентім де қыз болса, мен қуанатын едім деп айтқанмын. Тілегім қабыл болған екен. Мінекей, бір ұл мен үш қыздың әкесі болу бақыты бұйырыпты. Енді бесіншісі ұл болатын шығар (күледі)», – дейді Сәкен Майғазиев.

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар

Әншінің тұңғышы үшінші рет қарындасты болғанына дән риза болса, Сәкеннің екі қызы сіңілілерін тағатсыздана күтіп жүр екен. Ал, жұлдызды жұптың үлкен ұлы Әділет, енді інілі болуды қалайды.

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар

«Үш қарындасым бар. Өте үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмын. Толғақ басталған кезде мен осы перзентханада болдым. Қарындастарым үйде кішкентей бөпені күтіп жүр. Енді Алла жазса, інім болса деп армандаймын», – дейді Әділет Сәкенұлы.

Төртінші рет әке атанған Сәкеннің шаңырағындағы шаттық, әншінің әріптестеріне де шабыт сыйлағандай. Перзентханаға келген өнер жұлдыздары, келешекте көп балалы ата-ана атанатындарын айтып сендірді.

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар

«Мен енді егіз қыздан кейін, егіз ұл армандап жүрмін. Мен ғана емес жұбайым да армандап жүр. Өзім көп балалы отбасынан шықтым. Менің анам 18 құрсақ көтерген. Мен 17-ші перзентімін. Енді 18 болмаса да, соның бірі жартысы болса екен. Енді көп балалы отбасынан шыққан кейін, біздің жанұяда 2-3 баламен шекетелген жараспас… (күледі)», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

«Қазіргі таңда 2 қызым бар. Мен өзім көп балалы болғанды жақсы көремін. Әкем 10 ағайынды, анам 11 ағайынды. Әлима деген әжемнің жасы 90-ға тақап қалды. 105 шөбересі, 53 немересі бар. Шөпшегі дүниеге келіп жатыр. Сондықтан, перзенттерімнің санын 10-ға жеткізсем деген ойым бар», – дейді «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы.

Сәкен Майғазиев: Енді бесіншісі ұл болатын шығар

Бүгінде Динара ханым мен бүлдіршіннің денсаулығы көңіл қуантарлықтай. Сәбидің салмағы 3 жарым келі, бойы 50 сантиметр.

Айта кетейік, биыл 43 жасқа аяқ басқан әнші 7 баланың әкесі атануды қалайтынын айтқан еді. Таяуда төртінші рет әке атанған Сәкен Мақпал Жүнісованың ұсынысымен қызын Сәфия деп атады. Жуырда қызды болған Бүркіттің де көптен күткен қызына дәл осындай есім бергенін айта кетейік.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау