Сәкен Майғазиев алғаш рет марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті (видео)

Бейсенбі, 13 Сәуір , 2017 16:55

Әнші Сәкен Майғазиев алғаш рет дүниеден өткен әкесі туралы әңгімеледі. “Асыл арна” телеарнасына берген сұхбатында әнші әкесін сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

майгазиев сакен кордабайулы

“Әкем өзі үлгі болды деп айтар едім. “Сен жаман оқыма, жақсы оқы, біреудің ала жібін аттама, біреуді ренжітпе, біреудің есесін жеме” деген сияқты сөздерді ешқашан айтқан емес өмірінде. Ол кісі көрсетті. Сондық болмысымен ол кісіні бағалаймын. Тау алыстаған сайын биіктейді дегендей, әкем 2005 жылы дүниеден өтті. Бірақ сағынышым жылдан жылға үдеп келе жатқан сияқты. Әкемнен көрген тәрбиені балама көрсеткім келеді. Үнемі айтып та жүрмін. Егер өзің оғаш қылып істеп, темекі тартып, арақ ішіп отырып, балаңа темекі шекпе, арақ ішпе деп айту ақылға сыймайтын дүние. Сол сияқты әкемнен көп дүние алдық. Ол кісінің болмысынан, жүріс-тұрысынан. Әкемізден жаман сөз естімейік деп қана кеттік-ау. Мен әкемнен мақтау сөз естиін болмаса ұпай жинайын деген ой болған емес. Бірақ әкем көзіме мақтаған да емес”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әнші ананың қадірі туралы да сөз қозғады. Ол аналарына апталап хабарласпайтын жастарды сынады. Ал өзі бір күн анасының даусын естімесе тұра алмайтынын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырады

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Әдемінің ұятсыз фильмге түскенін білген Вальтер махаббатынан бас тартты

Ренат Басит фильмге сын айтқан атақты жазушыны танымай ұятқа қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар