Сәкен Майғазиев “Ақыл тоқтатқан” адамдарды есін жиюға шақырды

Сәкен Майғазиев желіде таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауды, басқаларға таратпауды өтінді.  Масқара видеоны бір-бірінен сүйінші сұрап, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқандарға жүректі ауыратынын жеткізді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші желідегі парақшасында  “Ақыл тоқтатқан” адамдарға арнап жазба қалдырды.

“Ассалаумағалайкум, ардақты ағайын! Кешеден бері whatsapp желісі арқылы таралып жатқан масқараны бір-бірімізден сүйінші сұрағандай, жерден жеті қоян тапқандай жаhанға жар салып, жарыса жариялап жатқанымыз жүректі ауыртады. (Хайперлердің “еңбегінің жемісі” ) Өзге ұлт өкілдеріне әбден күлкі болдық-ау! Айталық, наурыз мейрамы күні дастарқаннан сарқыт жинап жатқан ағайынды күлкі қылып, whatsapp, instagram, FB желілеріне тараттық. Не үшін? ҚАЗАҚты мазақ қылу үшін бе?! Бүкіл наурыз мейрамы бойы көзге ілінетін бір жақсылық, игі шара көрмедік пе?! Таратылып жатқан зиянды суреттер мен видеоларды жарияламауларыңызды, басқаларға таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Мәселен, маған бір пайдасы жоқ видео келсе, дереу өшіріп тастаймын. Жамандыққа жәрдемші болу, күнәні көпке тарату күнәнің “атасы” екенін білейік. Телефондарыңыздағы барлық жаман видеоларды АЛЛА разылығы үшін өшіріп тастауларыңызды сұраймын. Әсіресе, көпшілік көрсін деген мақсатпен instagram, you tube желілеріне жариялаған жандарды ұлт дұшпаны деп санаймын. Өрескел қателікке ұрынған адамның не, балалардың орнына өзіңізді, ата-анаңызды, бала-шағаңызды қойып көріңізші. Шыбын сасыған тезекке, ал бал арасы жұпар иісті гүлге қонады (құмар болады). Сіз де өз таңдауыңызды жасаңыз. АЛЛА бәрімізді кешірсін!”, деп жазды ол.

Майғазиевтің бұл ұсынысын оқырмандары да қолдады.

Бірі “Өз ұлтын өзі мазақ қылып жерге таптап беретін адамдардың санасында қандай ой болады екен осындай видеоны ютуб желісіне жүктегенде . Неге бір игі істерді жүктеп мақтанбасқа”, десе бірі, “Өте акылды әнгиме айттыныз.осындай әнгиме акыл айтатын азаматтарымыз коп болсын!”, деп пікір қалдырды.

Тағы оқыңыз:

Өнер жұлдыздары жағдайы нашар отбасыға баспана сыйлады

Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді

Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты

АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған

Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар