Сағынтаев вице-министрге: Баяндамада жазылғаннан басқаны білмейсіз

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жоюға қажетті техника тапшы.

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкімет отырысында Шығыс Қазқастан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына байланысты баяндама жасаған болатын. Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінде мотопомпа, гидрокомбинезон, қайық – бәрі тапшы екенін айтты.

Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтен мұның себебін сұрады.

“Бұл мәселе бойынша біз демалыс күні ұлттық ұлан ұшағымен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарынан жеке құрам мен техникалар жеткіздік”, — деді Сүлейменов.

“Ол дұрыс енді, жоқ болғаннан кейін басқа облыстардан алып отырсыз ғой. Ал Даниал Кенжетайұлы айтып отыр, норма бойынша осынша болу керек, ал шын мәнінде өте төмен деп. Министрлік тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр”, — деп нақтылады премьер.

Бірақ ІІМ вице-министрі қолында дайын баяндамасы болмаған соң, жауап бере алмай қиналды.

“Әрине, алдыңызда баяндама жоқ, сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндамада жазылғанды оқисыздар, жазбаса жағдайдың не болғанын білмейсіздер.

Осыдан кейін төтенше жағдайға душар боламыз, техника жоқ, комбинезон жоқ, мотопомпа жоқ. Қиын жағдай болса, көрші облыстардан сұрап аламыз”, — деп ашуланды Сағынтаев.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады

Қазақстандық сауда орталықтары Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де тексерілмейтін болды

Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар