Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағадиев: ҰБТ-да талапкерлер 120 сұрақтан 140 балл жинап шығуы тиіс

Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа жүйесі бойынша бірқатар сұрақтарға басын ашып жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

d859b9a3e9afdb937a7080cd10c2a1a7_XL

Жаңа формат бойынша келер жылғы түлектер мектеп дипломын алу үшін емтихан тапсыруға міндеттелді. Ол бес пәннен тұратын сынақ. Оның төртеуі міндетті болса, біреуін оқушы өзі таңдап алады. Ал университетке түсу үшін олар ҰБТ-ға қатысады.

“Ол емтихандар қазір барлық мектептерде бар, тек оны ҰБТ-ға бармай қалған оқушылар тапсырып жүр. Сол себепті мұны айтарлықтай өзгеріс деуге келмейді. Тек бір ғана өзгеріс, бұған дейін сұрақтарды облыстық білім басқармасы дайындап берсе, енді екі пәндегі сұрақтарды дайындау міндетін ұлттық тест орталығы өз мойнына алады”, – деді Сағадиев.

Сонымен қатар, “Алтын белгіні” мектеп ғана растайды, ал оның ҰБТ кезінде пайдасы тимейді.

“Тестілеу форматына өзгерістер еніп отыр. Бұған дейін 125 сұрақтың 100 жауабы ғана дұрыс деп танылса, жаңа жүйедегі 120 сұрақ болып, оның барлығы есепке алынады. Бірақ, талапкерлер 120 сұрақтан 140 ұпай жинап шығуы тиіс. Яғни, кейбір сауалдардың 2 дұрыс жауабы болады. Осылайша ҰБТ біртіндеп SIT-ге (System Integration Test) ауысып отыр. Тестілеу кезіндегі пәндердің үшеуі міндетті болса, екеуі салалық пәндер”, – деп атап өтті министр.

Оқи отырыңыз:

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты

Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды

Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңғалдырды (видео)

Талқылау