Садуақасованың жаңа образы оқырмандарын шошытты
Халыққа танылғалы шаш үлгісін өзгертпеген әнші бұл жолы сырт келбетіне өзгеріс енгізгісі келген сияқты. Бірақ өзгерісі тыңдармандары үшін оң болмады. Өйткені инстаграмдағы парақшасына салған суретін жан-жақты сынап, жағымсыз пікірлер жазып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше отбасын құрып, балалы болған Мәдина Садуақасова бұрын да, қазір де ашық-шашық киінбейтінін айтқан-ды. Бұл жолы да көйлегі әдеттегідей су перісі стилінде тігілген. Алайда шаш үлгісі мүлдем басқа.
Мұны көрген оқырмандар өз тарапынан “Шашыңыз жаман-ақ. Сіздің əдемі ажарыңызға сай емес”, “Сіздің образыңыз емес”, “Ойбай не түр анау” сынды жағымсыз пікірлер жазды. Арасында жақтап сөйлегендер де жоқ емес.
Бұл пікірлерден кейін әнші әдеттегідей оқырмандарға жауап қайтармады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ