Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияда демалып жатыр. Демалыс кезінде суретке түсіруден шаршаса керек, жолдасы бұл жолы ешқайда бармай, кешеннің ішінде қалуды ұсыныпты.

image

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияның Белек қаласындағы “Regnum Carya Golf & Spa Resort” кешенінде демалып жатыр. Осыған дейінгі демалыстарында шаршаған жолдасы суретке түспестен, жәй ғана демалуды сұраған екен.

“Отбасымызбен Түркиядамыз. Өткен демалыста Бали еліне MarkІІ камерасын алып барған, оған қоса менің телефоныма да түрлі фотосессия жасап әбден шаршаған Олжас бұл жолы бір демалыс орнын тауып, сол жерден шықпай демалуды ұсынды. Не деген тыныштық. Үйде тыным таппайсың, бітпейтін тіршілікпен тіпті қиялдауға, армандауға уақыт табылмайды”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Десе де, әншінің өзі баласымен серуендеп, кішігірім “сурет-телехикая” түсіріп үлгерген. Мұнымен қатар, әр суретке атау беруді де ұмытпаған.

13285320_252807018412465_1632058028_n

“Сәлем, менің атым Әнуар, мен қазақпын. Бүгін  менің туған күнім. Папам мен мамам вечеринка жасап жатыр, келсең болады”.

12317714_1701198306762105_1896344403_n

“Түркиядағы қазақша телехикаяның екінші бөлімі… Қимай сені барамын”.

13392624_553956518117257_1624282470_n

“Фильмнің соңы. Атын өздеріңіз қойыңыздаршы”.

Суреттерді көрген желі қолданушылары әншінің баласының сары екенін, әкесіне көбірек ұқсайтынын айтып жатыр. Мұнымен қатар, бақыт пен денсаулық тілеп, ақ тілектерін жаудырған. Демалыстарынан әдемі суреттерін күтетіндіктерін айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова: Жұбайым бұрынғы отбасым туралы айтпауымды өтінді

Мәдина Сәдуақасова өзінің еріншек мінезімен күресуді қолға алды

Мәдина Сәдуақасованың басына бақыт құсы қонды

Мадина Сәдуақасова жаңа бейнебаянында алғаш рет биледі (видео)

Талқылау