Сүйретпе мен орамалды 5 млн теңгеге сатып алған азаматтың қылығы желіде талқыға түсті

Сәрсенбі, 2 Наурыз , 2016 17:41

Сауда Алматыдағы дүкендердің бірінде жасалған. Жақында ғана желіде жарияланған тауардың есеп-қисабы көрсетілген қағазды көргендер таң қалғандарын жасырмай, түрлі пікірлерімен бөліскен.

чекккк

Желі қолданушысының бірі «Мақтансыз қазақстандықтар- нағыз қазақстандық емес» деген.

Чектегі тауарлардың жинақ бағасы 5 млн. теңге шамасында. Сатып алған заттардың бағасы мен саны да анық көрсетілген. Шұлық 35 мың тұрса, үй сүйретпесі 120 мыңға сатып алынған. Алынған заттардың барлығы 20 зат.

Сауда жасалған чектің көшірмесінің астына желіде түрлі пікірлер қалдырылған. Оның ішінде мұны «еріккенің ісі» дегендерден бөлек көңілді пікір жазғандар да баршылық.

«Міне азамат! Есесіне ақшасын Италияға апарып жаратқан жоқ. Елімізде қалды. Басқаларға жақсы мысал»,- деген Надежда Ненахова есімді желі қолданушысы.

«Сүйретпе аяқ киімдері түрлі өлшемде ме? Бірін тырнағын алған кезде, екіншісін өсік тырнақпен киетін шығар. Үшіншісін тырнағы өсік әрі қалың шұлықпен киеді ме?»,-деп жазған Yelena Do Vale.

Желі қолданушыларының бір бөлігі дүкенде осыншама қаржыны аямай жұмсаған Андрей Аршавин болуы керек деп есептейді. Тауар тізімі жазылған есеп-қисап қағазында сауданың Алматыдағы қайсы дүкенде жасалғанын анық көруге болады.

«Тұтынушының кім екенін біз айта алмаймыз. Біздің ішкі заңымызға сай сатып алушы мен оның құқықтары құпия түрде сақталып қалуы тиіс», – деп жауап берген VILED Group компаниясының маркетинг бойынша менеджері Диана Сулеимбекова.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар