Сүйісу керек болса, бас тарта алмаймын: Тәуекел Мүсілім сүйіктісімен не себепті айырылысты?

Осыдан бірнеше ай бұрын ақпарат құралдары “Тәуекел Мүсілім өзінен әлдеқайда кіші қызбен көңіл жарастырды” деп шуласты. Мыңдаған қыздың арманына айналған Тәуекел екінші жартысын тапты деген жаңалық арулардың жүрегін ауыртты. Мүсілімнің өзі жақын арада той болатынын меңзегенімен, олай болмады.

Тәуекел Мүсілім

Жеке өмірі туралы Тәуекел Майя Бекбаеваның авторлық бағдарламасында сыр шертті, деп жазады Stan.kz.

Тәуекелдің жүрегін селт еткізген ару – өзінің жерлесі, яғни Алматының қызы. Актер есімін жасырып қалған арумен мейрамханалардың бірінде кездейсоқ танысқан.

“Мен достарыммен бірге бір жобаны талқылап отырдым. Сол кезде оны көрдім. Ол әпкесімен келді. Оны көре сала ерекше аураны сезіндім. Өзін қоғамдық ортада ұстауы… Жарты сағат бойы бақылап отырдым. Мүмкін маған қарайтын шығар деп үміттендім, бірақ ол мені тіпті байқамады. Ал менің басқа кездесуге кетуім керек болатын”, – дейді Тәуекел.

Актер сол сәтте жүрегін жаулаған арумен танысудың басқа мүмкіндігі болмайтынын түсінген. Сондықтан көп кідірместен оның жанына барған.

“Отыруға рұқсат сұрадым. Бұл жерде бір атап өтерлігі, мен көп уақыттан бері қыздарға өзім жақындап, танысқан емеспін. Бұрын да танысқан кезде, қызға ілтипат білдірсем, ол да мені жылы қабылдаса, демек менің бетімді қайтармайды деп түсінетінмін. Ал бұл жолы ондай ештеңе болған жоқ. Себебі мені қабылдай ма, қабылдамай ма, түсініксіз болды. Дегенмен тәуекелге бел будым”, – дейді Тәуекел Мүсілім.

Қазақстандық көптеген фильмдер мен телехикаяларда Тәуекел Мүсілім басты рөлді сомдайды. Көп жағдайда сымбатты актерге қызқұмар жігіттің рөлі бұйырады. Ал бұл жағдайды Тәуекелдің таңдаған аруы қалай қабылдаған? Тәуекелдің өзі айтып берді.

“О баста бұл сұрақтың бәрін талқылап алдық. Соңғы түскен жобамда сондай сахна бар. Мен оған бірден ескерттім. Бұл менің жұмысым, егер режиссер талап етсе, мен ешқандай шектеу қоя алмаймын дедім. Сүйісу керек болса, режиссерге барып: – Ренжімеңіз, менің сүйіктім қызғаншақ, мен оны жасай алмаймын, – деп айта алмаймын. Бұл – менің жұмысым. Оның бәрін талқылап қойдық. Бұл сұрақты қайта қозғамаймыз деп ойлаймын”, – дейді Тәуекел.

Алайда өкінішке қарай, Тәуекел жүрегінде махаббат отын тұтатқан қызбен айырылысып тынған. Мұның себебін актер нақты айтпады. Тек:

“Сезімнің жетіспеушілігі. Жақында бір танысым: “1 пайыз болса да сенімсіз болсаң, ойлану керек”, – деп айтқан еді. Әр адамның ішкі даусы бар. Сол менің ішкі даусым бірдеңенің жетіспейтінін айтатын”, – дейді Тәуекел.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар