Рэп оқып, жаңаша стильде ән салған Ерке Есмахан жұртты таңдаңдырды (видео)
Күні кеше “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының кезекті шығарылымы көрерменге жол тартты. Бұл жолы ширек финалда Ерке Есмаханмен бірге жас әнші Ayree сайысқа түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нәзік үнімен елді баураған Ерке бұл жолы қазылар алқасын да, көрермендерді де қатты таңғалдырды. Ол жаңаша стильде “Жасайықшы селфи” әнін шырқап, тіпті рэп оқыды. Мейрамбек Бесбаев бастаған төрешілер мұны көргенде абдырап қалғандай болды. Тіпті, Нұржан Керменбаев ашқан аузын қайта жаба алмай қалды. Ал Мәдина Сәдуақасова Еркені мұндай қырынан алғаш көріп отырғанын жасырмады.
Өзге төрешілер болса бір ауыздар “Ерке сегіз қырлы, бір сырлы. Қандай әнді берсең де алып шығады”, деп пікір білдірді.
Сондай-ақ, тыңдармандар да төрешілермен келісті. Олар тіпті, “Ерке бұл әнді өз орындаушысынан, яғни Ayree-ден де артық орындады”, – деп пікір білдірген.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген