Рухты әндерімен танылған “Алашұлы” тобының құрамы өзгерді (видео)
Қазақ эстрадасынан ойып тұрнын орнын тапқан тағы бір топтың құрамы өзгерді. Патриоттық әрі рухты әндерімен танылған топтан Ұшқын Жамалбек кетіп, оның орнына басқа солист алынды.
Бұл туралы музыкалық арнаның Instagram парақшасында жазылды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Жаңа жыл басталысымен біраз топтардың құрамы өзгерді. Олардың бірі «Алашұлы». Аталмыш ұжымда өнер көрсеткен Ұшқын Жамалбек жеке шығармашылығын бастау үшін топтан кетті. Күні бүгін Ұшқынның орнына жаңадан солист келіп қосылды. Есімі – Ерзат Рамазан.
Ол «Astana Musical» театрының актері болып қызмет атқарады. Қазірдің өзінде үштік жаңа құраммен ескі әндерді жаңаша түрде қайта жазып жатыр. Алдағы уақытта Украина мемлекетіне барып бейнебаян да түсірмек ойлары бар”, – делінген жазбада.
Топ жаңа құраммен ел алдына шығып та үлгерді.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Рымбаева енді актрисалық қырымен танылмақ
Тәуекел Мүсілім өзін “сұлу” деп атамауды өтінді
Бақытбек Есентаев өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты
Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
