Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мереке қарсаңында 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза етті

Рождество мерекесі қарсаңында вокзалда 200 үйсіз адамға дастархан жайылып, темір жол ордасы нағыз асханаға айналды. Оқиға Ұлыбританияның Бермингем аймағында болды.

Рождество мерекесінде 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза қылды

Бұл туралы Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Банкет станцияда дөңгелек үстел басында ұйымдастырылды. Дастарханға үш бірдей ыстық тағам қойылды.
Іс-шарада әнші Кэрол, ди-джей мен Санта-Клаус өнер көрсетті.

Рождество мерекесінде 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза қылды

Шараны ұйымдастырған қордың атқарушы директоры Рандхир Сингх: “Қор аптасына жеті кеш ұйымдастырады, тек Бермингемде емес, барлық Ұлыбритания аумағында”, – дейді.

“Біздің басты мақсатымыз адамзатқа қызмет ету, өмірде жолы азырақ болған адамдарға киім, тамақ, сондай-ақ үміт сыйлау”, – деп жалғады сөзін ол.

Рождество мерекесінде 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза қылды

Кешкі асқа қатысқан үйсіздердің бірі 41 жастағы Луиза Галл бұл кештен ерекше әсер алғанын айтады.
“Мен көшеде тұрамын. Егер де бүгін мұнда келмесек, мен рождествоны сезінбейтін едім. Мен тек көшеде қайыр сұрап, тамақ жей аламын. Мысалы, кеше мен велосипед станциясында түнедім. Өте суық болды. Бұлардың үйсіздерге арнап жасаған жақсылығы таңғалдырды”, – дейді ол.

Рождество мерекесінде 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза қылды

Сондай-ақ, тамақ пен киімнен бөлек, бұл күні үйсіздерге сыйлық таратылды.

Рождество мерекесінде 200 қаңғыбасты тамақтандырған ұйым жұртты риза қылды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау