Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева ұлы Әлидің үйленгенін жоққа шығарды

Бірнеше күн бұрын желіде Әли Оқапов пен “Асыл” тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың үйлену тойының суреттері пайда болды. Мұны көрген жұрт расымен де Роза Рымбаеваның келін түсіргеніне сенер-сенбесін білмеді. Бұл Әлидің кезекті жарнамасы деп шуласқандар да көп болды. Ел аузындағы әңгіменің нүктесін Роза Рымбаева қойды.

19436979_1320493118067526_6177666493669441536_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Биылға әзірше ондай жоспар жоқ. Егер де кез келген уақытта Әли өзінің қалыңдығын алып келіп, «мама, осындай шешімге келдік, біз үйленеміз» десе, мен дайынмын. Мен оны балама күнде айтамын”, – деді Халық әртісі Хит-ТВ арнасына.

Роза Қуанышқызы өзі қарапайым отбасыдан шыққандықтан, болашақ келінінің де сондай болғанын қалайды. Лажы болса, дәрігер не мұғалім болса, тіпті жақсы дейді ол. Өйткені кәсіби музыканттарға төреші болар жан керек.

«Дәрігер не мұғалім болса, ол біздің отбасымызда ерекше мамандық болады ғой. Себебі біздің жанұямызда барлығы музыкант. Мен де, Әли де, Мәди де – үшеуміз де кәсіби маманбыз. Біздің әңгімеміздің бәрі музыканың айналасында. Біздің көретін, бізді қызықтыратын нәрсенің барлығы – өнер мен музыка. Ал басқа мамандық иесі келсе, ол біз үшін өте пайдалы дүние», – деді Халық әртісі ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Миллионердің қызын алған Шоқан: Отбасылық өмір керемет нәрсе екен (фото)

Еркемен бір ұшаққа отырған топ бүлдіршіндер «Қайда?» әнін айтып, елді шулатты (видео)

Жаз келісімен шомылу маусымын бастап, шешініп тастаған өнер иелері кімдер? (фото)

Мақпал Исабекова тез арада балалы болғысы келетінін айтты

Талқылау