Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді (фото)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың соңғы берген сұхбаты елді бір дүрліктіргендей. Əнші қазақ эстрадасының біраз өкілдерін жанды дауыста əн айта алмайды қорқады ” деп сынады. Олардың қатарында Роза Қуанышқызы да бар. Алайда, Роза ханым бұл айыпқа еш өкпелі емес. Өзінің ойы мен көзқарасымен Роза Рымбаева Stan.kz сайтының тілшісімен бөлісті.

роза бибігул

– Роза Қуанышқызы, қайырлы күн. Əңгіменің əлқиссасын Бибігүл Төлегенова апамыздың сіз жəне Мақпал ханымды сынап газетке берген сұхбатынан бастайықшы. Өзіңіз оқыдыңыз ба? Не айтар едіңіз?

– Мен оқымадым. Жəне ештеңе де айтып, комментарий жасағым келмейді. Қазіргі заманда сенсация іздеген журналисттер қауымы дүрліктіріп жазуға шебер. Бəлкім, сондай ортаға салынған от шығар. Өйткені, Бибігүл Ахметқызы өзіме ондай өкпесін айтпады. Əйтпесе, біз тəтті өтіріктен ащы шындық жақсы деп өнерді бағалап, кемшілігімізді бетімізге айтып өскен заманның адамдарымыз.

– Менің əріптестеріме өкпелі секілдісіз?

– Жоқ, қысқа өмірде біреуге өкпелеуге құқығым да, уақытым да жоқ. Бар айтарым, мен жанды дауыста əн айтудан қорықпаймын. Жылына екі рет оркестрмен жеке кешімді беремін. Кез-келген тойда жанды дауыста əн саламын. Осыншама уақыт сахнада жүріп, мұны дəлелдеп, өзімді ақтауға міндетті емеспін деп ойлаймын. Иə, кейбір концерттерде немесе телевизиялық жобаларда мен де фонограмма қолданамын. Өйткені, акустика, аппарат лайықты болмай жатады. Мұны тек мен емес, барлық өнер иелері айтып келеді. Сондықтан, тілшілер менің атымды қолданып рейтинг іздемесе деймін.

– Ал, ұлдарыңыз қаншалықты жанды дауыста əн сала алады? Олар фонограммаға қарсы заң қабылданса, сахнада еркін өнер көрсете алады ма?

– Əрине. Өйткені, Əли де, Мəди де музыкалық білім алған, сауатты жандар. Одан бөлек олар менің ішімде жатып музыкамен өскен балалар.

али мади роза

Олар музыканттардың отбасында туып, өнердің ортасында есейіп келеді. Менің қос ұлымның да өнер саласында қызмет етуіне толықтай құқығы бар деп айта аламын. Кейбір əншілер сияқты тойға бір əн жазып, “жұлдыз” болып  жүрген жоқ. Олар сапаға жұмыс жасауда. Соған қуанамын.

– Қаншалықты өзіңіз ақыл-кеңесіңізді айтасыз?

– Мен “мынау дұрыс, анау бұрыс” деп ақыл айтпаймын. Өйткені, олардың бағыттары бөлек, стильдері басқаша. Жастар үшін жұмыс жасап, замануи бағытта əндерін жазып жүр. Мен тек тыңдап, сəттілік тілеп отырамын. Енді, кенжетайымның творчествасына алаңдаймын. Уайымдаймын. Əли өз аудиториясын тапты. Енді, Мəди де өнерден өз орнын тапса деймін.

роза мади 150917

– Жаңа бір сөзіңізде “Той үшін бір əн жазып, “жұлдыз” болғандар” деп қалдыңыз… Өзіңіз тойға жиі барасыз ба? Орта гонорарыңыз қанша?

– Əрине, барамын. Той қазақтың қазынасы. Мені қуанышына ортақтасуға шақырғандарға мың алғыс. Гонорарымды айтпай – ақ қояйын. Бастысы, менің де көмектесу керек ағайын – туыс, бауырларым бар. Бірге жұмыс жасайтын қызметкерлер бар. Олардың жалақысын төлеу үшін, жақындарыма көмектесу үшін, əрине, тойға барамын.

– Үлкен ұлыңыз қазір сізден бөлек тұрады екен. Мұндай шешімге не себеп болды?

– Əли үйленетін жасқа келді. Қазақта ер баланың еншісін беріп, бөлек шығаратын жақсы дəстүр бар. Əлидің бөлек тұруы туралы ұсыныс менің тарапымнан болды. Себебі, үлкен өмірге жеке үйрену керек деп шештім. Бұған дейін де ел “мамасының баласы” деп қабылдап, сынаса да ұлым əр жетістігіне өз күшімен, еңбегімен жетті. Ендігі мəселе, отбасылық өмірге қазірден бастап үйрене берсе деймін.

роза али 1509

– Яғни, болашақта Əли үйленсе келінмен бірге тұрмайсыз ба?

– Мен көбіне осы тақырыпты бастасам Əли басқа əңгіме қозғап кетеді. Əли қашан үйленемін десе де мен дайынмын. “Мама, ертең үйленемін” десе ертең – ақ тойын жасауға əзірмін. Алайда, балам бұл тақырыпта əзірге əңгіме қозғап жүрген жоқ. Иə, жастардың бөлек тұрғаны дұрыс деп санаймын. Сондықтан, “менімен бірге тұрыңдар ” деп қатал талап қоюдан аулақпын. Немерем болса мүмкін, ой – пікірім мүлдем өзгеретін шығар. Өзімді болашақта немересін еркелетіп, иіскеп, тербетіп отырған ақжаулықты əже ретінде елестетемін.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

Жұрт 7 жылға сотталған Жаманқұловты тойдан көргенде қуанып қалды (видео)

Бибігүл Төлегенова: Мен латын әліпбиінде білім алғандардың бірімін

Димаштың жанкүйерлері ортақ құжат қабылдады

Талқылау