Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожаның алдағы концертінде марқұм айтыскер Оразалының және өз балалары өнер көрсетеді

Әнші Роза Әлқожа көпшіліктен жасырған сырымен бөлісті.

Роза Әлқожа

“Өзім шығарған әндерімді кітап қылып шығарып жатырмын”, – дейді әнші.

Әншінің жазған кітабы кейбір танымал адамдардың шығарған кітабы сынды жеңіл желпі емес екен. Ойлы, мән-мағынаға толы шығармасын жақында өтетін жеке кешінде жарияламақ, деп хабарлайды 31 арна.

«Мен сені сүйем өмір» атты концерт, өнерге қадам басқанымызға он бес жылдай болып қалды. Астанада кешімізді бергенбіз. Есеп беру сияқты ғой кешіміз. Розаның арманы Респубилка Сарайында концерт беру. Статистика сүйенетін болсақ, менің тыңдармандарымның жартысы Алматыда екен”,- дейді Роза Әлқожа.

Әншінің концертінде дуэтпен айтылатын әндер де көп болады.

“Сахнаға келгенде Досымжан Таңатаровпен дуэт айтқым келген. Оқушы кезімде «Әдемі-ау» деген әнмен өстім. Досымжанмен дуэт айту сол арманым орындалды”, – дейді ол.

5 мамырда Республика сарайында өтетін кеште Розаның балалары да ән шырқайды.

Өнер адамы ретінде қалыптасқаннан кейін өзіңді көрсете бермей жастарға да қолдау білдіру керек. Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының соңында қалған тұяғы қазір ел сұрап қайда жүр екен деп, іздеп Нұрсұлтан мен Райшаға хабарласып екеуі де өнер көрсетеді.

Тағы да оқыңыз:

Шоу жасамақ: Айқын ерекше концерт бергелі жатыр

Үшінші рет әке атанған Бүркіт қызына ерекше есім берді

“Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды (видео)

Ақботаның үшінші күйеуі ажырасып кетті деген қауесетке жауап берді

Талқылау