Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа: Ең арзан көйлегім 150 мың теңге тұрады

Жуырда Роза Әлқожа 35 жасқа толып, дүркіретіп той тойлады. Өнердегі әріптестерінің басын қосқан ол бұл қуанышқа туған-туыстарын мүлдем шақырмаған болып шықты.

розалкожа

«Ешкімді алалаған жоқпын. Әншілердің барлығын бірдей шақыруға тырыстым. Бір өнерде жүргеннен кейін, бір теңізде жүргеннен кейін бәрі де дос, бауыр саналады. Бейресми туған күн, ешкімге өкпе-реніш жоқ. Туған-туыс, ағайындар жоқ, тек қана өнердегі әріптестер, ағалар, журналистер, ақындар деген сияқты шығармашылық байланыстағы кісілер», – деді ол Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әлқожа ең қымбат сыйлық күйеуінің қас-қабағы екенін айтты.

«Бүкіл әлем күліп, бұл кісі күлмей қалса, бәрі зая кетеді», – деді ол.

Розаның күйеуі, журналист Айдын Қаба жұбайының туған күніне 35 раушан гүлін сыйлаған. Сөз арасында әнші қымбат көйлектерінің бағасымен бөлісті. Айтуынша, әншінің гардеробындағы ең арзан көйлектің құны – 150 мың теңге.

«Мың доллар, екі мың доллар деген сияқты әрі қарай кете береді», – деп түйіндеді сөзін әнші. Айта кетейік, аталмыш кеште Әлқожаның үлкен ұлы ата-анасына арнап ән орындаған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Өзінің әніне секіріп би билеген Қыдырәлі Болманов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

Баян Мақсатқызы Ақан Сатаевқа қолдау білдірді

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Талқылау