Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналду: Әлемдік футбол тарихындағы ең үздік футболшымын

Мадридтік «Реал» футбол командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын допты» иеленген еді. Аталған марапатқа қатысты пікір білдірген футболшы өзін футбол тарихындағы ең үздік футболшы атаған, – деп хабарлайды France Football басылымына сілтеп Stan.kz.

Роналдудың ойынша, өзінен мықты футболшы әлі дүниеге келмеген екен.

«Мен әлемдік футбол тарихындағы ең үздік футболшымын», – деді Роналду.

Соынмен қатар португалиялық футболшы бала күнінен қандай футболшыларға еліктеп өскенін айтты.

«Менің кумирлерім көп. Мен спорттың барлық түрінде өнер көрсететін үздік спортшыларды назарда ұстайтынмын. Сондықтан кумирім бір адам ғана емес», – дейді футболшы.

7 желтоқсан күні 32 жастағы футболшы бесінші мәрте «Алтын допты» иеленді. Шабуылшы дауыс беруде «Барселоналық» Лионель Месси мен «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы Неймарды басып озған. Ол ие болған марапаттар саны бойынга Мессимен теңесті.

Оқи отырыңыз:

Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алатын болды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов оныншы мәрте жеңіске жетті

«Самұрық-Қазына» «Астана» ФК алдындағы қарызын өтейтін болды

Иван Дычко «Супермэнді» алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Талқылау