Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риодағы паралимпиада ойындарының ашылуында Белоруссия спортшылары Ресей туын жамылып шықты

Рио-де-Жанейродағы паралимпиалық ойындардың ашылу салтанаты кезінде Белоруссия құрамасының делегациясы Ресей туын да алып жүрді.

aef6b123-7b46-4144-bcb6-55cb29ba3caa

Бұл туралы Газета.Ru хабарлайды.

“Маракана” стадионында болған ашылу салтанатында Белоруссияның ту ұстаушысы өз елінің жалауын желбіретіп шықты. Алайда делегация құрамындағы бір атлет артқы жақтан Ресейдің мемлекеттік туын ұстап келе жатты.

Халықаралық паралимпиада комитеті бұл жағдайға байланысты тексеріс жүргізбек. Бұған дейін аталмыш комитет Ресей паралимпиада құрамасын паралимпиада ойындарынан толық құрамда шеттеткен болатын. Бұған WADA комиссиясының Ресей құрамасына қатысты допинг туралы дерегі себеп болған.

ХПК басшысы Филип Крэйвеннің айтуынша ресейлік паралимпиадашылардың 2011-2015 жылдар аралығындағы оң нәтиже берген 35 допинг-сынамасы із-түссіз жоғалып кеткен.

XV жазғы паралимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасы да қатысып, спорттың бес түрінен сайысқа түседі.

Талқылау