Олимпиадада қарсыласымен қол алыспаған Мысыр дзюдошысы еліне қайтарылды
Мысырлық дзюдошы Ислам әл-Шехабиге Рио Олимпиадасындағы жарыста Израиль балуаны Ор Сассоннан ұтылған соң қарсыласымен қол алысудан бас тартқаны үшін сөгіс жарияланып, еліне қайтарылды.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Белдесудің бірінші раундында мысырлық балуан израильдік дзюдошының ұсынған қолын алудан бас тартып, бас шайқаған. Көрермендер оның бұл қылығына қарсылық білдірген.
Халықаралық олимпиада комитеті Шехабидің бұл қылығын “Олимпиаданың құндылығы саналатын шынайы жарыс пен достық рухына қайшы келеді” деп атады.
Мысырдың Олимпиада комитеті де спортшының әрекетін “қатаң түрде айыптап”, оның елге қайтарылғанын хабарлады. “Дзюдо ережесінде қарсыластың қолын алсын деген ереже жоқ. Бір-бірімен дос спортшылар ғана қол алысып жатады, ал ол менің досым емес” деді Шехаби белдесуден кейін.
Жіберіп алмаңыз:
Левит қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
Олимпиаданың 11-ші күнінде қазақстандықтар спорттың төрт түрінен сынға түседі
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық