Рио-2016: Нұрислам Санаев жүлдесіз қалды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрислам Санаев «қола» үшін таласта қарсыласына жол беріп, жүлдесіз қалды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ол 57 келі салмақтағы сынға түскен балуанымыз жұбаныш белдесуінің алғашқы айналымында әзербайжан балуаны Гаджи Алиевтан ұтылды.
Айта кетейік, 1/8 финалдық кездесуде Санаевты грузин Владимир Хинчегашвили жарыс жолынан тайдырған болатын. Алайда дәл осы қарсыласы финалға шығуы жерлесімізге жұбаныш кездесулеріне қатысу мүмкіндігін сыйлаған еді. Алайда, қазақ балуаны бұл мүмкіндікті пайдалана алған жоқ.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді