Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринго Алуа Қонарованың көңілін босатып, көзіне жас алуға мәжбүрледі (видео)

Ринго тобы Алуа Қонарованың жүрегін тебірентіп тұрып ән салды. Продюсер өз кезегінде көзіне жас алды.

15624483_1420779597946762_4124385398459727872_n

Фото: instagram.com/aluakonarova/

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Ринго тобы тыңдармандары мен өзге қазақстандық продюсерлерге арнап концерт өткізді. Кішігірім концертте олар аналары әрі продюсері Алуа Қонарованы сахнаға алып шықты. Продюсер өз кезегінде көзіне жас алып, жігіттерге жылы лебіздері үшін алғыс айтты.

Видеодан Ерік Тастамбеков, Бағым Мұхитденова сынды танымалдарды да байқауға болады. Олар әріптесі Алуа Қонарованы еш қызғанбастан, тамсанатындықтарын байқатты. Ал бұл сәтте Ринго тобы “По берегу” атты әнді орындап тұрған болатын. Бұл  – топтың екінші бейнебаян түсірген әндері.

15803415_242384502851976_5282546445340114944_n

“RinGo” тобы 2006 жылы құрылған. Бастапқыда топта Батыр, Алмас, Алдан, Данияр есімді 4 жігіт болады. Топты Алматы қаласымен байланыстыру үшін осылай атаған екен. “RinGo” сөзі жапон тілінен аударғанда “алма” деген мағынаны білдіреді.

2006 жылы “Сен ғана” атты алғашқы бейнебаяндары көпшілікке жол тартады. Ән Қазақстанда кеңінен танылып, чарттардан бірінші орынды иеленеді. Ең бірінші Қытай, Қырғыз елдеріне гастрөлдік сапарға аттанады. Артынша композитор Эдуард Бергалиевтің “По берегу” әніне бейнебаян түсіреді. Көп ұзамай осы ән топтың төлқұжатына айналады.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева кіші қызының сұлулығымен мақтанды (фото)

Айсәуле Бақытбек итіне spa-салон іздеп жүр

Баян Есентаева: Қызыма қысқа киюге рұқсат берген мен жақсы ана емес шығармын

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді

Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды

Талқылау