Бұл уақытта Ринат өз үйінде болған: ІІМ-нің мәлімдемесі
Ішкі істер министрлігі ақын Ринат Зайытовты не үшін ұстағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматы-Аренада заңсыз митингке шыққаны үшін Зайытовты ұстағаны айтты.
"Рұқсат етілмеген митингіге шыққандар арасында Ринат Зайытов та бар. Прокуратура мен әкімдіктің қарсылығын тыңдамағандықтан, оларды ұстап әкетті. Полиция бөлімшесінде түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кейін үйлеріне жіберілді. Осыдан соң бір топ адам Ринатты босатуды талап етіп қайта жиналды. Бұл уақытта Ринат өз үйінде болған. Оларды сендіру үшін Ринатты қайта сол жерге алдыруға тура келді", - дейді Қожаев.
Айтуынша, осыдан соң да жастар үйіне тарамай, Алматы көшелерімен кеткен. Олар Сайран автовокзалына дейін жүріп барды.
Митинг кезінде Ринат Зайытов не үшін ұсталды? Полиция жауап берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі