Зайытов “Орда” тобының солисін қылмыскер деп атады

Дүйсенбі, 25 Қаңтар , 2016 8:50

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов «Сырласу» бағдарламасында қонақта болып, біраз сырымен бөлісіпті.

ринат-1000x600

Әрине, айтыскермен сұхбат болғаннан кейін, әңгіме айтыс тақырыбын да қозғамай кетпеген. Айтысқа қатысты әлі де болса кедергілердің алдынан шығатынын айтыпты. «Айтысқа шақырса — барамын, бірақ, көп жағдайда менің қатысуымды қаламайтындар бар көрінеді» — дейді ақын.

Айтыскер, шығармашылық адамының әдемі қыздар көрсе, немқұрайлы қарай алмайтынын да айтты.

«Жоқ ондай емеспін деп өтірік айта алмаймын. Әдемі қыздар көрсем қарайтыным рас. Оны әйелім де, бәрі біледі. Алайда, Алла сақтасын отбасыммен ешқашан ажырамаймын» , – дейді ол.

Сосын сұхбаттың дені қазақ эстрадасы төңірегінде өрбіді. Ринат та біраз танымал әндердің мәтінін жазып жүрген ақын. Осыған қатысты да сауал қойылды. Айтыскер ақын қазіргі әншілерді «қазақи және қазақи емес» деп бөлетінін жеткізді. Сонымен қатар кейбірінен тіпті жиіркенеді де екен.

“Қазақи әншілерге болысқым келеді…мүлде ұнамайтын, атын естігім, түрін көргім келмейтін әншілер бар. Анау “Орда” тобындағылар шығарып отырған бір балалар бар. Солардың ата-анасы, достары қайда қарап отыр? Соларды телеарнаға шығарып отырған да қылмыскер, топ ретінде тәрбиелегендер де қылмыскер”, – дейді Ринат.

Ақын, заман осындай екен деп дәл солай шектен шығып кетуге болмайтынын ашына айтқан. “Олардың орынына, Серікбол Сайлаубек, Төреғали Төреәлі секілді әншілерді көп жарнамалауымыз керек”, – дейді ақын.

Өткізбеңіз:

820-300x160Инвестиции окупаются за год. Сколько стоит стать “звездой” в Казахстане

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ринат, өте жақсы айттыңыз! Сүйсіндім.

  • Айару says:

    Еліктеудің дұрысы мен бұрысы бар.Әрине 91 тобын мүлде жаман деуге де болмайды.Олардың қайырымдылық әрекеттері де жоқ емес.Дегенмен еуропалық стильде костюм киген бір бөлек, корейлік стильде киінген бір бөлек.Жаңашылдық жақпайды дейсіздер,бұл нәрсе оң жағынан болса бір мейлі онда оған дау жоқ.Бірақ ер жігіттің сырға тағып, қыздар секілді киінсе,ал қыздар жігіт секілді киінсе керемет көріне қояр деп ойламаймын.Ринат ағамыздың айтып отырғаны да дұрыс секілді.Бұл жәй ғана Ринат Зайтовтың пікірі емес пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалдырған хадисі де бұған дәлел.

  • Жұмбақ жан says:

    Иа орда тобы шыны керек унамайт озун жондемей озгеге тил жеткизгени нес

  • Жұмбақ жан says:

    осы Ринат тым артык кеттин оларды кылмыс устинде устап алып ба? един.Жанашылдыккты тусинбей отырып биреуге куие жакканды койса етти. Орда тобына саттилик тилеймин жаксы топ

  • аноним says:

    Осы казакка неге бир жанашылдык жакпайды. Бул жана заман талабы. Ал олар сырга такса олардыр когилдир екендигин корсетип турган жок. Заманга сай киине алатындыгы. Сахнадагы еркек аншилер бари бир стилде киингени жыныма тиеди. Ал Орда жане Ринго тобы жарайсындар.

    • Жұмбақ жан says:

      Сайлаубек дейди катырдын ол ози не айтып жургенин ози билеме…

  • Anonymous says:

    Сайлаубекти коспаяк койшы солардын арасына.

  • Anonymous says:

    Дұрыс мәселе көтерілген. “Орда” тобының шығарып жүрген жас тобы, менің білуімше, “91” деген топ болу керек, Оңтүстік Кореядағы “ЕХО” тобының дубликаты сияқты, артық кетсем, кешірім сұраймын, жігіттер деуге ұқсамайтын қылықтарын-ай, үйде жасөспірім қызыммен сол үшін “соғысып” жүрмін. “Ордадағы” Ерболатқа бір сұрақ, өткенде “Тюрквижнде” құлағында сырға болған сияқты, сол не үшін екен?

  • Anonymous says:

    Өте дұрыс мен де тап осылай айтар едім,Орда тобының жігіттері боянып сыланып кейісі көгілдірлерге ұқсап кетеді ища)))

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар