Ринат Зайытов: Ақындар қазір ақиқат үшін емес, автокөлік үшін айтысып жүр

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 10:36

Айтыскер ақын Ринат Зайытов әріптестерін “сценарийден шыға алмай қалды” деп айыптайды. Мұны ол өткен аптада алматылық студенттерге “Бүгінгі айтыс” тақырыбында оқыған қоғамдық лекциясында баяндады.

ggggg

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Ринат Зайытов “1980 жылдары болмаған цензура бүгінгі айтыста бар” деп алаңдайды.

“Бүгінгі айтыста ұйымдастырушылардың немесе біреудің көңіліне жақпайтын сөз айтсаң, ертесінде жиналысқа салады не “келесі айтысқа қатыстырмаймыз” деп қорқытады”, – дейді ақын.

Айтыс өнерін “қай заманнан бері тәуелсіз, өз қоғамының кемшіліктерін, жетістіктерін, індеттерін айтатын орта болған” деп сипаттаған Ринат Зайытов қазіргі айтыскерлерді “алдын ала белгіленген сценарий бойынша жырлап шығады” деп жазғырып отыр.

“Айтыстың бүгінгі ең басты қасіреті – ақынның жеке ұстанымы болмауы, айтыстағы ойларды біреудің қадағалап отыруы, айтыстағы айтылған пікірлерге қарсы сахнаның сыртына шығып өзге біреулердің пікірлерін айтуы. “Ел алып жатқан көлікті мен неге алмаймын” деген оймен ақиқат үшін емес, дүние үшін айтысатын ақындар көбейіп кетті”, – дейді Ринат Зайытов.

Ол “айтыскерлер ұйымдастырушылардың ықпалынан шыға алмай, осы бетімен кете берсе, бес жылдан кейін үш мың орынды сарайда үш жүз адам отыратын деңгейге жетеміз” деп қауіптенеді.

Оқи отырыңыз:

Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік

Дәретханаға кезек күтіп тұрған танымал әзілқойдың әні ғаламторды «жарды» (видео)

Серік Ибрагимовтің келіншегінің бетін Төреғали Төреәлі ашты (фото, видео)

Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар