Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддер әкімінің орынбасары қағып өлтірген жігіттің әкесін соққыға жығып кетті

Риддер әкімінің орынбасары қағып өлтірген 19 жастағы жігіттің әкесі Виктор Смольниковтың соққыға жығылуына байланысты тергеу тобы құрылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық байланыс қызметінің басшысы Мирас Малғаждаров өзінің Facebooк парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Риддер әкімінің орынбасары қағып өлтірген жігіттің әкесін соққыға жығып кетті

«Кеше Риддерде қала әкімінің орынбасары қағып өлтірген 19 жастағы Евгений Смольниковтың әкесі Виктор Смольниковты өз үйінің подъезінде әлдебіреулер соққыға жығып, ұрып кеткен», – делінген хабарламада.

«Кезекші бөлімге азамат Смольниковтың ауруханаға түскені туралы хабарлама келді. Оның миы шайқалып, мұрны сынып, көкірек қуысында қанды ісік пайда болған. Бұл бұзақылық ниеттегі шабуыл болған. Қазір осы фактіге сәйкес тергеу тобын құрдық», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі Даниал Ахметов құқық қорғау органдарына Виктор Смольниковтың соққыға жығылуына қатысты тергеуді қадағалауды тапсырды.

«Сіздерден барлық алдын-ала тұжырымдардан аулақ болуларыңызды сұраймын. Прокурорлар мен тергеушілер бәрін анықтап, бұл істі шешеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының әкімі Тұмабаев апатқа қатысты болғаны үшін жазаланған жоқ, деген қауесетті тоқтатқым келеді. Оған аталған қызметке толық сәйкес келмейді деген үкім шықты. Бұл өте ауыр жаза », – деді Даниал Ахметов.

Аймақтық байланыс қызметі атап өткендей, жақында Евгений Смольников көз жұмған жол-көлік оқиғасы бойынша Риддер қаласында екінші тыңдау өтті. Судья қорғау мен айыптау арасындағы кейбір мәселелер бойынша келісу үшін төрт күн берді. Келесі тыңдау 26 маусымға жоспарланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау