Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:Gettyimages.ru

Отандастарымыз Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің ширек финалында кездесіп, матч Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Тартысқа толы өткен ойын үш сетке созылып, Елена 4:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Рыбакина жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы белорусиялық Алина Соболенкомен жолығады. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина кейінгі рет Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленсе, Путинцева әзірше үлкен додаларда топ жарған жоқ.  

Талқылау