Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыбакина мен Путинцева Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисшілер  Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турниріндегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Қос спортшы 1/8  финалда қарсыластарынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Рыбакина америкалық Мэдисон Кизді екі сетте, 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, Путинцева украиналық Ангелина калининді 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Ширек финалда Путинцева белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнаса, Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен жолығады. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева ширек финалдағы қарсыластарынан басым түссе, жартылай финалда жолдары түйісуі мүмкін.  

Талқылау