Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Реванш күтемін»: Макгрегор Хабибпен болған айқасқа түсініктеме берді

Ирландиялық жауынгер Конор Макгрегор ресейлік абсолютті күрес чемпионы (UFC) Хабиб Нұрмағамедовпен реванш өткізуді қалайтынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Реванш күтемін»: Макгрегор Хабибпен болған айқасқа түсініктеме берді

«Жақсы айқас болды, реванш күтемін», – деп жазды Макгрегор Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, ирландиялық жауынгер Intagram-дағы жанкүйерлерін жұбату үшін «Терминатор» фильміндегі танымал сөз тіркесін қолданып, Хабибпен болған айқасқа түсініктеме берді.

«Мен қайта ораламын», – деп жазды Конор Макгрегор Intagram парақшасында.

Жауынгерлер арасындағы болуы мүмкін екінші айқас туралы UFC басшысы Дэйн Уайт та пікір білдірді.

Оның пікірінше, бірінші кезекте Нұрмағампедовқа бүгінгі айқастан кейінгі әрекеті үшін айыппұл салына ма, соны түсініп алу керек.

Ал, Хабибтің өзі Конор Макгрегормен болуы мүмкін реванш туралы әлі сөз қозғаған жоқ. Дегенмен, ресейлік жауынгер әкесімен бірге түскен суретін жариялап, бүгінгі әрекетін тағы да түсіндіріп өтті.

«Реванш күтемін»: Макгрегор Хабибпен болған айқасқа түсініктеме берді

«Әрине, әкем мені мұндайға үйреткен жоқ, бірақ бұл намысқа қатысты мәселе. Жеңіс – біздікі, белбеу бізде»,-деп жазды  ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов Intagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрмағамедов чемпиондық белбеуін көрсетіп, өзін Путиннің құттықтағанын айтқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау