Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресми түрде жалақы алмайтын таксистер мен бала күтушілерді мемлекеттік органдарға келулерін сұрады

Алматы қаласының жұмыспен қамту басқармасы такси жүргізушілерін, даяршыларды және бала күтушілер мен бухгалтерлерді – тұтастай алғанда өздігінен жұмыс істеп жүрген адамдарды іздестіріп жатыр.

Ресми түрде жалақы алмайтын таксистер мен бала күтушілерді мемлекеттік органдарға келулерін сұрады

Бұл туралы “Алматы ТВ” арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жұмыспен қамту басқармасы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшыларды қандай да бір әлеуметтік мәртебе беру үшін іздеуде.

Бүгінде 140 мыңнан астам алматылық азамат ешқандай мәртебесіз жұмыс істеп жүр. Бұл дегеніміз, олар 2019 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыруды пайдалана алмайды. Сондықтан сарапшылар өткен жылдың сәуір айынан бастап айналым жүргізіп, асығуда. Олар осы уақыттің ішінде 300 мың адамға белгілі бір мәртебе беріп, көлеңкеден шығарды.

«Бұл азаматтар мемлекеттік кіріс органдарына барып, оңайлатылған жүйеде тіркелу туралы кеңес алулары керек. Мейрамханаларда, басқа ұйымдарда және жалданып жұмыс істейтін адамдарда аударым жүрмейді. Оларда зейнетақылық төлемдер мен міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударым жоқ», – дейді Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сайран Сайфеденов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау