Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік танымал актер Алматыда қайтыс болды

42 жасында театр және кино артисі Дмитрий Мирон қайтыс болды. Бұл туралы  Мәскеу мемлекеттік драма және комедия театрының директоры  Апексимова өзінің Facebook парақшасында жазды.

мирон

«Достар, бүгін таңғы 5:45-те  Дима Мирон өмірден озды» деп жазған ол.

Ол журналистерге берген сұхбатында актердің Алматыда қайтыс болғанын айтқан. Бірақ, оның өмірі неден қиылғанын білмейтінін түсіндірген.

Дмитрий  Мирон 1975 жылы 19 сәуір күні  Минскте туған. Ол 1999 жылы РМТӨИ (ГИТИС) тәмамдады. Оқуын бітіре салысымен Ресей әскеріндегі театрда жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап Ирина Апексимованың  продюсерлік орталығында актер болып жұмыс істеген. Мирон кинода бірталай танымал, басты рөлдерді сомдаған. Олардың ішінде  «Гарпасум» фильмін атап өтуге болады. «Кармелита» телехикаясында, «Обратная сторона луны», «Маросейка,12», «След», «Метод» фильмдері арқылы актер көрерменнің есінде қалды деуге болады.

 

 

 

Талқылау