Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы: Денис Тенге лайықты баға, лайықты орын берілмеді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, бапкер Максим Маринин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Сочидегі Олимпиадаға дейін лайықты баға берілмегенін айтып қынжылды.

Денис Тен

Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушы «Тает лед» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Марининнің сөзінше, Теннің қабілеті зор бола тұра, бастапқы уақыттарда спорттық мансабында жолы болмаған. Мен үшін бұл біртүрлі көрінді, дейді ол.

«Бәрінен бұрын ол әртіс еді. Сонымен қатар техникалық элементтерді жақсы меңгерген. Мен ұзақ уақыт бойы оны сырттай бақылап жүрдім. Мен үшін Денистің қабілеті зор болса да, бастапқыда спорттық мансабында жолы болмағаны біртүрлі көрінді. Ол ұзақ уақыт бойы үнемі көшбасшылар қатарынан көріне алмады. Тіпті, жақсы өнер көрсеткен кезде де оған лайықты баға, лайықты орын берілмеді», – дейді мәнерлеп сырғанаушы.

Өз сөзінде Максим Денистің жұлдызы 2013 жылы өткен әлем біріншілігі мен Сочидегі Олимпиададан кейін жанғанын атап өтті.

«Ол 2013 жылы әлем чемпионатында екінші орын алғанда, Сочи Олимпиадасында қола жүлдегер атанғанда қатты қуандым. Ол өз елінде үлкен жұлдызға айналды», – дейді Максим Маринин.

Айта кетсек, бағдарлама барысында бұрынғы бапкері Елена Водорезова Денис Теннің мәнерлеп сырғанауға қалай келгенін және оның өміріндегі анасының рөлі туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұған дейін министрдің орынбасары қолға түскен азаматтардың шынайы қылмыскерлер екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ІІМ өкілі Денис Теннің өліміне күдіктілердің бірі Арман Құдайбергеновтің бұған дейін жасаған қылмысы үшін не себепті тұтқындалмағанынтүсіндірді. Мұнан кейін аталған іске қатысты үшінші күдікті ұсталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау