Ресейлік арнаның операторы Димашты "ешкі" деп атады (видео)
Әлеуметтік желіде ресейлік "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасының түсірілімі кезінде кадр сыртында түсірілген көрініс пайда болды. Онда операторлардың бірі Димаш Құдайбергенге тіл тигізген, деп жазады Stan.kz.

Димаш белгілі композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен Mademoiselle Hyde композициясын шырқап тұрған. Сол сәтте таспагерлердің бірі оған сырттай тіл тигізген.
"Мына ешкі анаған көлеңкесін түсіріп тұр", - деген ол.
Оператордың бұл сөзі фанаттарды мықтап ашуландырды.
"Он мүйізі бар сен ешкісің оператор", "Мына кадрды қайталап көре бердім, ешкі сөзі Димашқа бағытталған", "Арнаға хат жазып жіберу керек, оператор сөзіне жауап берсін", "Өздерің ешкісіңдер", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік