Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ресейлік әнші Назарбаева сыйлаған сағаттың жоғалуына бұрынғы әйелін кінәлады

Ресейдің танымал әншісі Александр Серов ресейлік арнаға берген сұхбатында Динара Назарбаеваның сыйлаған сағаты қалай ұрланғанын айтып берді.

Әнші НТВ арнасына берген сұхбатында бұрынғы әйелімен қалай ажырасқанын да айтты. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі Елена Стебунова оның көзіне шөп салып, ішімдікке әуес болғанымен қоймай ұрлыққа да барған.

Бағдарлама жүргізушісі сағатқа не болғаны туралы анықтап сұрай бастады.

“Мен құрметтейтін Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара үлкен қорапқа салынған сағат сыйлады. Сыйлықты үйге алып келдім. Оны барлығы қарады, тіпті, Елена да ас үйде жүріп қызыға қарады”, – деді әнші.

Қызы Мишель сағаттың бағасын интернеттен көріп қалып, ата-анасына айтқан. Сөйтсе, Динара Назарбаева сыйлаған сағаттың бағасы 310 мың доллар тұрады екен.

Бірде әнші бір аптаға гастрольдік сапарға шығып кетеді. Сағатты сейфке салмай, өзінің кабинетіне қойып кеткен.

“Бір аптадан кейін келсем, сағат орнында жоқ. Қызмнан “сағат қайда” деп сұрасам. “Өткенде анамның құрбысы Ира тәте келіп, сағатты сатып алды”, деді. Қаншаға сатқанын сұрасам “130 мың доллар”, деді Мишель”, -дейді Серов.

Әнші бұрынғы әйелінен сыйлықты неге сатқанын сұраса:

“Не болды? Мен де жақсы өмір сүргім келеді”, деп жауап берген.

Серовтың айтуынша, бұрынғы әйелі бұл ақшаның 70 долларына “Лексус” көлігін сатып алған. Қалған ақшаны қайда жұмсағаны белгісіз.

Александр Серов пен Елена 8 жыл бұрын ажырасып кеткен.

Тағы оқыңыз:

Гүлзира Айдарбекова келінімен мінсіз қарым-қатынасты қалай орнатқанын айтып берді

Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кезекті өтірігін әшкереледі (фото)

Қазақстандық әншінің Ресейдегі мейрамханасынан заңсыз казино табылды

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Қаңтар, 2018 10:25
Талқылау