Ресейлік актер Алексей Булдаков көз жұмды
Ресейдің халық әртісі Алексей Булдаков өмірден озды. Әртіс бұл уақытта Монғолияда іс-сапарда жүрген.

68 жастағы әртіс Алексей Булдаков 3 сәуір күні мерт болды.
Бұл туралы киноматограф кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әртістің өлімінің себебі айтылған жоқ. Расталмаған ақпарат бойынша, актер жұлынып қалған тромба салдарынан мерт болды. Булдаков Монғолияда іс-сапармен жүргені белгілі болды.
Алексей Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өңірінде өмірге келді. 1981 жылға дейін Павлодар, Томск, Қарағанды, Рязань қалаларында театрда жұмыс істеді. 1982 жылы «Сквозь огонь» фильмінде ойнады. «Особенности национальной охоты», «Особенности национальной рыбалки» фильмдерінде ойнаған рөлі арқылы көпшіліктің есінді қалды. Соңғы рет актер «Душа шпиона» мен «Горчаков» фильмдерінде ойнады.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?