Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейде пластикалық ота жасатқан қазақстандық әйел қайтыс болды

Ресейдің Саратов қаласында жекелеген емханалардың бірінде пластикалық ота жасатқан қазақстандық әйел көз жұмды. Ол процедурадан кейін комаға түсіп, есін жимастан бақилыққа аттанған.

Ресейде пластикалық ота жасатқан қазақстандық әйел қайтыс болды

Бұл туралы ресейлік “Взгляд-Инфо” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға өткен бейсенбі күні TerraSomnia емханасында болған. 39 жастағы әйел липосакция отасын жасатқан. Ол хирургиялық жолмен артық май қыртыстарын алдырмақ болған.

Саратов прокуратурасы емханада науқастың көз жұмғанын растап отыр. Құқық қорғау органдары емхананың қызметін тоқтатуы мүмкін екенін жасырмады.

Алайда емхананың бас дәрігері Светлана Вакула әйел оқыстан болған оқиғадан көз жұмды деп отыр.

“Бұл оқыстан болған жағдай. Басқа ештеңе емес. Дәл қазір ештеңе айтқым келіп тұрған жоқ. Бұл липосакция емес. Және емделушіге отаны мен жасаған жоқпын”, – деп мәлімдеді ол.

Болжам бойынша, әйел қан жоғалтқандықтан көз жұмған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр