Ресейде құлдықта болған қазақстандықтардың ісінде жаңа айғақтар табылды

Сәрсенбі, 16 Тамыз , 2017 11:24

Ресей жеріне жұмыс істеп, ақша табу мақсатында барған қазақстандықтар қара басын қорғап елге әрең жеткені дүйім жұртқа таныс. Олардың шағымынан бұған дейін ешқандай нәтиже болмаған еді. Енді  ондаған жәбірленуші бірігіп  өз мәселесін қоғам назарына ұсына отырып, белсенділердің араласуымен  істе нәтиже шығуына атсалысып жатыр,-деп жазды Stan.kz тілшісі.

нәтиже

Қазір қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша құл иеленушілердің ісін дәлелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс екі елде де болғандықтан Ресей мен Қазақстандағы  белсенділер мен құқықтық орган қызметкерлері тығыз байланыста әрекет етіп жатыр екен.

«Қылмыстық іс өте тез әрі қызу жүріп жатыр. Бұл қылмыс  екі елде де болғандықтан Ресей мен Қазақстанның құқықтық органдары біріге жұмыс істеп жатыр. Қазір қыздардың шағымы бойынша қосымша айғақтарды табу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ресей жерінде құлдықта жүріп босанғандардың балаларына  туу туралы анықтамасын іздеу деген сынды  дәлелдер табылып жатыр. Кәугерлер жауапқа тартылып, тергеуге алынып жатыр. Бұл істе ОҚО тергеу бөлімінің басшысы Жалғасов Нұрмахан жіті қадағалап отыр. Себебі, бұған дейін  құқықтық орган «істі дұрыс қарамады»  деген сынды айыптар тағылған болатын. Бұл істің әрі қарай жылжымай қалуы немесе жабылып кетуі мүмкін емес.

Себебі бұл мәселені екі елдің құқықтық орган басшылары қадағалап отыр, одан қалса қоғамдық белсенділер мен құқық қорғаушылар да араласып жүр»,-дейді заңгер Айгүл орынбек.

Айгүл Орынбек Ресей жерінде  құлдықта болған Зарина, Айдана,Рысгүл, Әлия, Несібелі, Жәнібектердің қорғаушысы. Күйеуінің анасы яғни енесі  алдап, құл иеленушілердің тұзағына түсірді деген Несібелінің ақыл-есі дұрыс екенін медициналық сараптама дәлелдепті. Сондай-ақ істі тергеу-тексеру кезінде оның енесі мен күйеуі тергелген.

нәтиже2

«Қыздар қаншама қиындықты бастарынан кешірді. Психологиялық, физикалық қиындықтарға  мойымай  қолға алған істі соңына жеткізу үшін барлығын жасап жатыр. Олар  істі қарау кезінде тергеу жұмыстарына айтарлықтай көмек беріп жатыр.

Бұған дейін «іс дұрыс қаралмады, аяғына  дейін жетпеді, нәтиже болмады, жауылып кетті» деген сөздер тарады. Біз оны анықтадық. Қылмыстық іс екі елде болғандықтан қыздардың шағымы бойынша дәлелдер мен айғақтар аз болған. Сондықтан шағым бойынша іс материалдары ашық күйінде қалған»,-дейді Айгүл Орынбек.

Қылмыстық істі зерттеу кезінде табылған жаңа айғақтар сотта  жәбірленушілердің пайдасына қолданылатыны анық. Қазірге тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан оның барлығын жариялау мүмкін емес.

«Бұл іс бойынша қажетті адамадар тағы 3-4 ай тергеледі. Қыздардың бірнешеуі дүкенде жүріп зорланған, босанған, аяқ-қолы сынған. Құл иеленушілер Ресей азаматы. Сондықтан сот сол елде болады деп болжап отырмыз. Қазір істі зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды»,-дейді  заңгер.

Құқық қорғаушы құлдықта болып қорланған азаматтардың үміті ақталады, қылмыскерлер жазасын алады деп сендіріп отыр. Іс бойынша сот отырысы басталған кезде халықты күнделікті ақпараттандырып отыратын боламыз.

Оқи отырыңыз:

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды

Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады

Павлодарда әскери кафедра студенті ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Кыздар ман жайды айтсада неге баян кимыллап жатырсыздар. Бундай исти дер кезинде шешу керек гой. Байкус кыздар елге аман есен оралганына кудайга шукир. Не бир ойга конбайтын адамдар бар. Казактын жауы казак дегенка

  • Anonymous says:

    Алланын нуры жаусын рахмет сизге

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар