Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде кондуктор қазақ студентін кемсітіп, автобустан қуды (видео)

Төменгі Новгородта қалалық автобустардың бірінің кондукторы жолаушылардың бірін оның ұлттық ерекшелігіне қатысты кемсітіп шу көтерді.

Бұл туралы giport.ru жазады.

Студенттердің бірінің студенттік билетіне күмән келтірген кондуктор әйел одан автобустан шығуды талап етеді. Қазақстандық жас студентке ұзақ уақыт бойы ұрысқан әйел, осы уақыт ішінде басқа жолаушыларға билет таратпай қойған.

Қаланың транспорт және байланыс департаменті аталған оқиғаның болғанын растайды. Кондуктордың жұмысы ауыр ғой деп пікір білдірген әкімшілік, оқиғаның ақ-қарасын анықтауға уәде беріпті.

«Нижегородпассажиравтотранса» кәсіпорынының басшысы Дмитрий Цыганков өзінің және барлық ұжымның атынан кешірім сұрап, өз қызметкерінің әрекеті үшін ұялғанын айтыпты.

Оқи отырыңыз:

АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді

iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)

Жалаңаштанып фотоға түскен толық қызды бастығы жұмыстан қуды (фото)

Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)

Талқылау