Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керчьтегі коллежде болған жарылыс: Қылмыскердің анасы зардап шеккендерге көмектесті

Қырымның шығысындағы Керчь қаласында техникалық колледжде жарылыс болып, 18 адам қаза болды. Одан өзге 50 адам зардап шекті.

Ресейде колледжде болған жарылыс теракт деп аталды

Тергеу комитеті алғашында жарылысты террорлық акт ретінде қарады. Іс “Теракт” бабынан “Заңсыз қару ұстау” және “Екі не одан да көп адамды жалпылай қауіпті жолмен өлтіру” бабына ауыстырылды.

Жарылысқа күдікті колледжде өлі күйінде табылды. Оның денесі оқу орнының екінші қабатында болды. Күдікті өзіне қол салған. Ол осы оқу ордасының төртінші курс студенті Владислав Росляков болып шықты. Бұл туралы Қырым басшысы Сергей Аксенов айтты.

“Қылмыскер өзін атып өлтірді. Ол 22 жаста. Денесі кітапханадан табылды”, – дейді Аксенов.

Күдікті колледжде адамдарды ата бастаған. Кейін жарылғыш зат лақтырған.

Зардап шеккендер дереу емханаға жеткізілді. Күдіктінің анасы  жергілікті онкологиялық диспансерде санитар болып жұмыс істейді. Ол жеткізілген науқастарға көмек көрсеткен. Ал, жарылысты ұлының жасағанын кейіннен білген.

Студент жігіт бұрынғы сүйіктісін атпақ болған деген болжам бар. Алайда бұл мәлімет жарылыстың нақты себебі емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау